«Өмір гүлі, өмір жыры – аналар»

Мектеп оқушылары аяулы аналарды, ардақты ұстаздарды және ару да әсем қыздарды алдағы келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйел-қыздар мерекесімен құттықтады. Ұлдардың дайындаған құттықтау бейнебаяны да мереке иелерінің көңілінен шықты. Сондай-ақ мерекеге орай сыныптарда тәрбие сағаттары болып өтті. Аталмыш іс-шаралар көпшілікке  мерекелік көңіл-күй сыйлады.