12.02.2020
Күн тәртібі
1. Оқушылардың асханада тамақтану туралы /Өндіруші Хоменко Л.В. /
Қатысушылар: –
- Ата-аналар комитетінің мүшелері – 29 адама
- қамқоршылық кеңесінің мүшелері – 12 адам
- мектеп әкімшілігі – 3 адам
Тақырып бойынша бірінші ӨндірушіХоменко Л.В. сөйледі. Л.В. асханада балалардың тамақтану жағдайы туралы мәлімдемеді. Бракераждық комиссияның жасаған ескертулерді түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. Асхана қызметкелерінің жұмыстары үнемі бақылауда. Сонымен қатар Хоменко Л.В. экономикалық жағынан қиындықтар болғандықтан \азық түліктердің бағасы өсуіне байланысты\ тамақтану бағасы 300 тенгеге дейін көтеріледі деп ескертті. Ата-аналар өз тарапынан сөз тіркеске келді. Олардың асхананың жұмысына көп деген ескертулер болды, соның ішінде тағамдардың суық және дәмсіз болуы, балалар тамақтанғысы келмейтіні. Асхана қызметкерлері тек орыс тілінде сөйлейді, кейбір балалар қалағандарын орысша жеткізе алмайды. Қызмет беру кезінде қазақша сөйлей алатын адам болсын деп ұсыныс жасалды.
Сөз кезегін қамқоршылық Кеңесінің төрайымы Бексеитова Д.С. алды. Д.С. барлық ата-аналарға асхана жұмысына түсінушілікпен қарау керек екендігін айтты. Тамақтану сапасына бақылау жүргізу керек үнемі, ата-аналар келіп тексеріп отыру керек, бракераждық комиссия мүшелері аптасына 1 рет тексерсін. Нарық жағдайына, азық-түліктің бағалары жоғарлап кеткеніне байланысты тамақтану бағасы да көтерілуі мүмкін. Тамақтану бағасын көтерсе, онда тамақтану сапасы да жоғары болу керек. Сондықтан бақылау жүргізу керек.
Шешімі: Тамақтану бағасын 300 тенгегі көтерілсін. Тамақтану сапасына бракераждық комиссия үнемі бақылау жүргізсін.
Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы: Бексеитова Д.С.
Хатшы: Алтай Қ.Т.