Орыс тілі пәні бойынша 2020 жылдың 8 сәуірінде өткен орыс тілі бойынша олимпиада қорытындысы шықты. Бұл олимпиадада ұйымдастырушылардың айтуынша, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының қатысушылары белсенділік танытты. Олимпиаданың негізгі кезеңіне Қостанай облысының 4 аймағынан 11 білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. 39 оқушы жүлдегер атанды, олардың 6-уы бірінші орын, 17-і екінші және 16-ы үшінші орын алды. Біздің мектептің 6-7 сынып оқушылары арасында жеңімпаздар Мұрат Жұмабаев, Назым Ахметова 1-орын. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СПАНДИЯР КӨБЕЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ