Анықтама бойынша, депрессия – көңіл күйдің төмендеуі мен рақат алу қасиетінің жоғалуы жататын психикалық бұзылу. Сонымен қатар, депрессиясы бар адамдарға өзін-өзі төмен бағалау, өзін-өзі кінәлі сезіну, түңілу, зейіннің жоғалуы, ұйқы мен тәбет бұзылуы және өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлау тән.
Жасөспірімдік депрессия белгілері
– Қайғы сезімі (кейде себепсіз жылай береді);
– Ашуланшақтық немесе көңіл толмаушылық;
– Күнделікті жаттығулардан рақат алмау немесе қызығушылығының төмендеуі;
– Отбасымен және достарымен дауласунемесе олармен сөйлескісі келмеу;
– Өзін-өзі төмен бағалау, кінә сезімі;
– Өткен сәтсіздіктерін ойлай беру немесе өзін-өзі қатты сынау;
– Назар аудару, шешім қабылдау және есте сақтаумен қиындықтардың тууы;
-Шаршау және күш жоғалту;
-Ұйқының бұзылуы;
– Тәбеттің өзгеруі – салмақ қосу немесе салмақ жоғалту;
– Толқу, мысалы, алға-артқа жүре беру, саусақтарын сықырлату немесе бір орында отыра алмау;
– Ойлаудың, сөйлеудің немесе қозғалыстың баяулауы;
– Денесінің немесе басының түсініксіз ауыра беретіндігін айту;
– Ашу қысу, бұзушы немесе тәуекелді іс-әрекет (мысалы, ойық, күйік, пирсинг, тату);
– Өз-өзіне қол жұмсаудың жоспарын құру.
Байқағаныңыздай, депрессия белгілері өте көп. Ата-ана міндетін жеңілдету үшін негізгі төрт жағдайға мән беруіңізді сұраймыз:
-Балаңыздың үлгерімі бірден түсіп кетті;
– Балаңыздың физикалық жағдайы бірден өзгерді: тез шаршайды, ауруға шағымданады, нашар ұйықтайды және т.б;
-Құрдастарымен қарым-қатынасы бірден нашарлап кетті;
– Қарапайым заттар мен өтініштер ақылға қонымсыз реакцияны шақырады.
Егер осы белгілер балаңызда екі апта бойы немесе одан да ұзаққа сақталса, жасөспірімдік депрессияның болуы әбден мүмкін. Депрессияны міндетті түрде маман ғана емдеу керек. Емдеу барысында дәрігер жиі дәрілер жазып береді және психологпен жұмыс жасау керек болады. Психологқа тек бала емес, міндетті түрде ата-ана да баруы керек. Себебі бала біртіндеп өз сезімін, қалауын білдіруді үйренсе, ата-ана баланы тыңдай білуді және қабылдауды үйренуі тиіс.
Ата-анаға ұсыныстар
- Күйзеліске түскен жасөспірімдерге сезімдерін ашық айту оңай болмайтынын және өздерімен не болып жатқанын түсінбеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Олар өздерінде депрессияның белгілері бар екенін білмеуі мүмкін.
- Жасөспірімдерде депрессия белгілері ересектердікінен өзгеше көрініс табады. Сол себепті балаңыздың мінез-құлқы, тамақтануы, ұйқысы, көңіл күйі мен адамдармен қарым-қатынасында үлкен өзгерістер байқалып, бұл бірнеше аптаға созылса, бұған ден қойғаныңыз жөн.
- Өз-өзіне қол жұмсау жайлы айтса не соған меңзесе, бұған немкетті қарамаңыз.
- Балаңыз депрессияға ұшырады деп ойласаңыз (бұл — жай мұңаю емес), мұны анықтау үшін дәрігерге апарғаныңыз дұрыс болар.
- Балаңызға дәрігер берген емді үзбей қабылдауға көмектесіңіз. Егер жағдайы жақсармаса не емшараның
- жағымсыз әсерін байқасаңыз, дәрігерге жолығыңыз.
- Отбасыңызда тамақтану, дене шынықтыру мен ұйықтауға қатысты белгілі бір тәртіпті ұстаныңыз.
- Жасөспірім балаңызбен әңгімелесіп тұрыңыз. Оған депрессияға қатысты кең тараған жаңсақ пікірлерге қарсы тұруға көмектесіңіз.
- Жан күйзелісіне түскен бала сол үшін ұялуы, жалғызсырауы, өзін ешкімге керексіз сезінуі мүмкін екенін ұмытпай, оны жақсы көретініңізді үнемі білдіріп отырыңыз.