Өз бетінше оқуға тәрбиелеу.

Ата-аналарға кеңестер:

  1. Күндерді санау бұл шешім емес. Балаға мектепке  бару не үшін қажет екенін дұрыстап түсіңдіріңіз. Ертегі ойлап табыңыз. Оқу мен білімнің маңыздылығы туралы. Қиялға ерік беріңіз, сіздің қолыңыздан келеді.
  2. Қызыл шеңбер баланың  өзі жасай алатын әрекеттер, ал сыртындағы бала үлкендердің көмегімен  бірге жасай алатын істер.
Детский садик №2 «Рябинка» посёлка Мостовского » Рубрика «Для Вас,  родители!»

Болашақта бала анасымен бірге жасаған істерді, өзі жасайтын болады. Бірге жасау аймағы- бала үшін алтын қормен тең. Бала белсенді түрде дамиды, өзіне сенімді болады.  «Біз» емес, «сен» жасадың деп айту маңызды. Сенің қолынан келді.

  • Ата-ананың баланың жанында үнемі болуы, әрекетіне араласу, шектен тыс қамқорлық көрсету-баланың «шеңберден» шығармай тастайды, осыдан кейін балада үнемі ата-анасының жанында болу қажеттілігі туындайды. Кейін бұл мектепке барғысы келмеуді тудырады.
  • «Ата-ана- бала» ұстанымынан шығуға тырысыңыз. Басқару сөздері кейде қажет болуы мүмкін, тек баламен бірге іс-әрекетте емес. Тең болуға тырысыңыз. Бала үшін сіздің тыңдағаныңыз, сөйлескеніңіз, жауап бергеніңіз өте маңызды, сонда ғана оған сыныптастарымен араласуда қиындық туындамайды.

Ата-ана не істей алады?

  1. Баланың қателесуге құқығы бар екенін мойындау. Қателік жасаудан қорықпауға үйрету.
  2. Баланың өз-өзіне деген сенімділігіне қолдау көрсетіңіз. Барлық қиындықтарды жеңе алатынын және сізге сенім артуына болатындығын түсіндіріңіз.
  3. Баланың мүмкіндіктерін дұрыс жоспарлауға көмектесіңіз: көп жұмыс жасауын талап етпеңіз және оқуға деген жеңіл қарым-қатынасын жеңіл болмауын қадағалаңыз.
  4. Балаға көбірек көңіл бөліңіз, көбірек сөйлесіңіз.

Баламен қарым-қатынаста маңызды:

  • Балаға оны қалай бар солай жақсы көретініңізді көрсету маңызды, жақсы көру оның жетістіктері үшін емес.
  • Баланы ешқашан басқа балалармен салыстырмаңыз.
  • Баланың барлық сұрақтарына шыдамдылықпен жауап беруге тырысыңыз.
  • Баламен бірге болуға уақыт табуға тырысыңыз.
  • Балаңызбен мақтанатыныңызды үнемі айтып отырыңыз.
  • Балаға емес, іс-әрекеттеріне баға беріңіз.
  • Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
  • Кейде өзіңізді балаңыздың орнына қойып көріңіз.