«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!»

Мектепте «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар негізінде іс-шаралар кеңінен аталып өтті. Аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты-оқушылардың демалыс кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіру, бала тұлғасын жан-жақты дамыту, балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық және спорттық жұмыспен қамту, девианттық тәртіптің алдын алу.
Жоспар бойынша іс-шаралар қашықтықтан өткізіліп, оқушылардың қатысуымен фото, фотоколлаж, бейнебаяндар мектептің сайты мен Instagram парақшасына жүктелді. Мектептегі үйірме, секция жұмыстары да осы қашықтықтан өткізілген іс-шараларда көрініс тапты.
Қорытындылай келе, күзгі демалыс күндеріне арналған іс-шаралар қашықтық форматта жоспарға сай өз деңгейінде өткенін атап өткен жөн. Оқушылар мен ата-аналар демалыс уақытында спортпен, шығармашылықпен, қайырымдылықпен айналысып, күзгі демалыстың пайдалы өтуіне белсенділікпен атсалысып, өз үлестерін қосты.