Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, 1-10 сынып оқушылары! Сіздерге «Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңының жұмыс істейтіні туралы хабарлаймыз. Мектеп оқушыларын «Балдәурен» мектеп жанындағы алаңдарына демалуға (тамақтанумен және тамақтанусыз) шақырамыз.
Алаңның жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі-жұма;
сағат 09.00-12.00 (тамақтанусыз);
сағат 09.00-15.00 (тамақтанумен).
Сіздердің назарларыңызға ойын-сауық бағдарламалары, сайыстар, викториналар, ойындар ұсынылады. Балалармен мектеп мұғалімдері жұмыс істейді.