Мектебіміздің 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшісі М.Н.Кабдибековамен бірге Ы.Алтынсарин кітапханасында өткен “Табиғатымен тамырлас туған талант” атты әдеби кешке қатысты. ҚР-ның 30 жылдығы мерейтойында “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясына 30 кітап іріктелді. Ол тізімге әр жанрлардан әдебиеттер жинақталған. Белгілі қаламгер Тобық Жармағамбетовтың “Отамалы” атты әңгімесі енді. Іс-шара барысында оқушылар шығармада суреттелген табиғат құбылыстары туралы мәліметтерді алды.
