“Тез оқуды үйреніңіз” атты республикалық жылдам оқу сайысы

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған “Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы” аясында балаларды мұқият және тез оқуға үйрету мақсатында “Тез оқуды үйреніңіз” атты республикалық жылдам оқу сайысына мектеп оқушылары қатысты. 3 “А” сынып оқушысы Ишанбек Аиша жүлделі 2- орынды иеленді. Ал Жумабек Алдияр, Ашим Амирали, Конысбаева Дарига, Жүргенов Жанибек алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!