Мектебiмiзде «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» он күндік декадасы өттi

«Өзін-өзі тану» пәні оқушыларға көмегін көп тигізеді. Адам өзінің жылуын басқаларға сыйлап,  жалпы адамгершілік құндылықтарды дамытып қана қоймай, ішкі жан – дүниесін байытып, өзгелерді сыйлауға, өмірге деген құштарлығын оятып, өмірде өз орнын  көмектесу болып табылады.

Осы орайда аналық жүрек жылуын балалар өміріне арнаған Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында Қостанай қаласы № 10 Жалпы білім беретін мектебінде 2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» атты онкүндігі өткізілді. Кітапхана  меңгерушісі ” Мейірім төгетін ана” атты көрме ұйымдастырып, Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша таныстырып өтті. Өзін – өзі тану мұғалімдері Рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы туралы стендер әзірлеп, сынып жетекшілер мектепшілік «Жүрек жылуы», «Қайырымдылық – жылы жүректен » атты ашық сабақтар өткізді.  Оқушыларға адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке бейбітшілік пен достық туралы түсініктер берілді.

Оқушылар тәрбие сағатынан мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім екенін, ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі, адамгершіліктің асқар шыңы екендігін түсінді.

          «Жүрегім тұнған махаббат» тақырыбына оқушылар эссе жазды. «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты акция өткізілді. Акцияға сыныптар белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты бір – біріне жылы сөздер айтып, сүйіспеншілікке бөлену.

Сонымен қатар оқушыларға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Назарбаева Сара Алпысқызы жайында бейне фильмдер көрсетілді. Балалар қызыға қатысып шығармашылық қабілеттерін жан–жақты көрсете білді.

         2022 жылғы 01-11 ақпан аралығында: «Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндігінің  қорытынды есебі.
         Алғашқы күні ашылу салтанаты барлық оқушы, мұғалімдер арасында таныстырылып қабырға газеті шығарылып барлық мектеп оқушылары шаттық шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бастауыш сынып оқушылары тақпақтар айтты. 05.02 күні Кітапханашы “Мейірім төгілген  ана” атты кітап көрмесі жасалды. 07-02 күні бастауыш сынып мұғалімдері Ильясова Г.А. Ещанова Р.Т.Кенжесеитова Н.К   1- сыныптарда “Жақсылық жолымен жүреміз”, Досмаилова С.С. Акмагамбетова Г.Е.Осипова Б.К 4- сыныптарда «Алтын жүрек Анамыз» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. 3- сыныптар мәнерлеп оқу сайысында Сара Алпысқызының өмір жолы таныстырылып, жетістіктері оқылды, оқушылардың жазған өлең жолдарын оқыды. Сара Алпысқызының “Өмір әдебі” деген кітабынан алынған үзінді оқылды. Жүректен жүрекке кезеңінде Ж. Тұрбековтың сөзіне жазылған” Бақытты балалық шақ “әні орындалып оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен мәнерлеп оқу сайсы аяқтады.
09.02 күні «Адал достық» атты 2-сыныптарында сынып сағаттары өткізілді.
Жабылу салтанатында барлық оқушы, мұғалімдерімен бірге жақсы өтілген сыныптарды грамотамен мадақтап, жеңімпаз оқушыларды марапаттап , ән айтып көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.