Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжаттар қабылдауды бастайды.
1 сыныпқа қабылдауда қызметін көрсету мерзімі 1сәуірден – 1 тамызға дейін. Қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта
білім беру порталы арқылы жүргізіледі.
Олар:
1.”SAKURA:электрондық мектеп ” (https://
sakura24.kz/ru/).
2.egov.kz.
Ата-аналар немесе өзге де заңды тұлғалар немесе баланың заңды өкілдері бала білім алу үшін бос орындары бар кез келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқылы.
Мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттар қажет:
- ата-аналарынан немесе өзге де
заңды өкілдерінен өтініш.
2.денсаулық жағдайы туралы
026/у-3 формасындағы анықтама – ” денсаулық паспорты - баланың денсаулық жағдайы туралы 065/у үлгідегі анықтама.
4.баланың фотосуреті, көлемі 3х4. - Заңды өкілдің ЭЦК-сы.
Өтініштер бір жұмыс күнінде қаралады.
Естеріңізге саламыз!
ҚР “Білім туралы” Заңының 31 бабына сәйкес 1 сыныпқа балалар 6 жастан қабылданады. Қыркүйек – желтоқсанда 6 жасқа толатын балалар 1сыныпқа бара алады. Өйткені олар жылдың соңына дейін 6 жасқа толады.
Құжаттарды қабылдауда алғашқы үш өтініш берушіге мектепте қызмет көрсету арқылы өткізіледі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша
мектепке тікелей немесе білім бөліміне тұрғылықты жеріңіз бойынша хабарласуыңызға болады.