Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес 2016 жылы мектепте бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы өткен жалпы мектептік ата-аналар жиналысында қабылданған шешімі

.Аталмыш ата-аналар жиналысында мектеп формасы туралы ереже қабылданды. Мектептің Жарғысының 7-тарауының 81, 82, 83, 84 тармақшаларына сәйкес мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі және мектеп формасының түсін, үлгісін және блузкалар ойығының тереңдігі, еркін пішімі, белдемшенің ұзындығын таңдауды мемлекеттік мекеме және Қамқоршылық кеңес айқындайтынын және жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Осыған орай мектепте 2021 жылдың 15 қарашасында Қамқоршылық кеңесінің №3 отырысы болып өтті. Кеңес отырысында міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар және мектеп формасы туралы ережемен таныстыру, бекіту мәселесі қаралды. Отырыс шешіміне сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар бірауыздан қабылданды. 2021 жылдың 19, 20қараша күндері1-11 сынып жетекшілеріне сыныптық ата-аналар жиналыстарында да «Міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптармен» таныстырылған болатын. Бұл ережеде мектеп формасының стилі іскерлік (классикалық) үлгіде болу керек делінген. Қыз балалар үшін күрте тәрізді тігілген жағалы ақ блузка, сия көк түсті жилет немесе пиджак, сия көк түсті белдемше; ақ немесе дене колготкалар, қоңыр қызыл, көк түсті галстук, қара, қоңыр туфли. Ал ер балаларға ақ түсті ұзын жеңді жейде (рубашка), сия көк түсті жилет немесе пиджак, сия көк түсті кең пішімді тобықты жабатын шалбар, қоңыр-қызыл, көк түсті галстук, қара, қоңыр түсті туфли. Айта кетерлік жәйт, мектеп формасын жеткізуші басқа қалаға қоныс аударғаны себепті және республика мектептерінде бірыңғай түске өту туралы ұсынымдарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды аздап өзгертуге тура келді. Клеткалы белдемше емес, бірыңғай көк түсті белдемше киюге рұқсат етіледі. Мектеп формасы туралы ережеде киім мен аяқ киім қиюде мектепте сабақ өту кезінде тыйым салынатын жағдайлар:

  • спорттық киімдер;
  • демалуға арналған киімдер (шорты, толстовки, майки и футболкалар символикамен.);
  • жұқа, ішкі киім көрінетін блузкалар, белдемшелер,
  • декольте тігілген көйлектер мен блузкалар (егер декольтеден төсі көрінетін немесе ішкі киімі көрінетін жағдайда);
  • жеңсіз көйлектер, майкалар, блузкалар жакетсіз немесе пиджаксыз;
  • қысқа белдемшелер (белдемше тізеден 10 см жоғары);
  • кіндігі мен арқасы көрінетін өте қысқа блузкалар;
  • теріден, тері орнында қолданатын, плащевка матадан тігілген киім;
  • дене бітімін анық көрсететін, тар шалбарлар, көйлектер мен белдемшелер;
  • спорттық аяқ киімдер;
  • “кантри” (казаки) стильде аяқ киімдер; ;
  • Биік платформадағы аяқ киім;
  • кешке киетін туфли ( бантпен, құс қауырсыны, үлкен страздарымен, ж.б..);
  • өте биік каблукпен туфли (каблуктың биіктігі болу керек: 5-9 сынып қыздарына 4 см артық емес, 10-11 сынып қыздарына 6 см артық емес )