“Ашық есік күні”

“Үндестік” жобасы аясында мектебімізде ата-аналарға арналған “Ашық есік күні” болып өтті. Ата-аналар балаларының оқу жетістіктері, тәртібі және т.б. мәселелер бойынша әр пән мұғаліміне жолығып, қажетті мәліметтерді ала алды. Соңынан сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, ортаға салып талқылады.