МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.
- Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.
- Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.
- Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;
- Оқу материалдарын тиімді меңгеру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс.















