Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық, – деп Ыбырай атамыз айтқандай, оқушылардың тілге, әдебиетке деген қызығушылығын, махаббатын нығайту мақсатында мектебімізде “Тіл – халық қазынасы” тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында Ыбырай атамыздың образымен өнер көрсетіліп, күмбірлеген күй тартылып, мектебіміздің бетке ұстар оқушылары қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, өлең шумақтарын паш етті. Мұғалімдер арасында әдебиетіміздің көрнекті өкілдерін танытатын “Көзтаныс” ойыны өтті. Онкүндік аясында әлі талай қызықтар болмақ! Бізбен бірге болыңыздар!



