«Әке көрген оқ жонар»

Қостанай қаласы №10 жалпы білім беретін мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы жүргізіледі. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Осы мақсатта мектепте 2 сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Әке көрген оқ жонар” әкелердің қатысуымен іс-шара өтті. Әкелермен өткен іс-шарада мектеп психологының арнайы тренингі өткізілді. Әкелер балаларымен бірге түрлі ойындар ойнап, сынақтардан сүрінбей өтті. Ал оқушылар өз кезегінде әкелерге деген жылы лебіздерін тақпақтары, өлеңдері, билері арқылы жеткізді. Іс-шара соңында әкелер алған әсерлерімен бөлісіп, балаларына ақыл-кеңестері мен тілектерін білдірді. Мұндай іс-шаралар әкенің бала тәрбиесіндегі орнын айқындауға көп көмегін тигізеді.