Орыс тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты

10 қантарда мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы басталды. Бағдарлама бойынша балалар осы уақытта жұмбақтар, логикалық есептер шығарады, ашық сабақтарға қатысады және аптаның соңында ең белсенді қатысушылар грамоталармен марапатталады.
Апталығының ашылуы күні оқушылар лингвистикалық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сол үшін тәтті сыйлықтар алды.