Бастауыш сынып апталығы аясында ұйымдастырылған ашық есік күніне орай 3 “В” сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Мұғалім: Ещанова Р.Т.
Сабақтың тақырыбы:
Сөз таптары. Етістік.
Мақсаты: өз бетінше мәтін бойынша жұмыс жасау,сөйлемдерден сөз таптарын табу.
Сабақ барысында топпен жұмыс, жеке жұмыс, «STOP» әдісі, “Мюсенберг” әдісі, wordwall сайтындағы АКТ тапсырмасы және Flippity, Learning Apps атты ақпараттық технологиялар қолданылды. Бағалау “Карусель” әдісі, смайлик, қошемет (шапалақ) арқылы өткізілді.
Оқушылар сабаққа қызыға қатысты.
Ата-аналар мұғалімге алғысын білдіріп, сабаққа кері байланыс жасалды.
#бастауышпәнмұғалімдеріапталық






