Бастауыш сынып апталығы аясында ұйымдастырылған ашық есік күніне орай 3 “А” сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Мұғалім: Жаилганова А.М.
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын болжау, сұрақтар құрастыру, болымды және болымсыз етістіктерді ажырату.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар бейне баяндағы қимыл-қозғалыстарды орындау арқылы бір- бірімен амандасты. Психологиялық ахуал жүргізілді.
Сабақ барысында топпен жұмыс, жеке жұмыс, “Мюсенбург” әдісі, wordwall сайтындағы АКТ тапсырмасы арқылы өткенді қайталау бойынша сұрақтар берілді, тапсырмаларды орындау барысында “Кім жылдам” ойыны, “Ашық хат” әдісі, “Ара” әдістерін қолданды. Өзін-өзі бағалау ұялы телефон арқылы жүргізілді. Сабақ соңында “WhatsApp” әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.
Оқушылар сабаққа белсенділік танытып қатысты.
Ата-аналар мұғалімге алғысын білдіріп, сабаққа кері байланыс жасалды.
#бастауышпәнмұғалімдеріапталық









