«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы шебер-сынып

Бастауыш сынып апталығы аясында өткен тағы бір іс-шара мұғалімдер үшін өткен “Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбындағы шебер-сынып. Ең алдымен Мұғалімдер қауымын 3 түрлі түсті кәмпитті таңдау арқылы 3 топқа бөлді. Шебер-сынып барысында функционалдық сауаттылық туралы түсінік берілді. Оқушылардың сабақта функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін топ бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілді. Атап өтетін болсақ: “Жұмыртқа” әдісі, “Асық” ойыны, “Геометриялық фигуралар” әдісі.

Одан кейін топпен жұмыс жасалды. Әр топқа функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар берілді, мұғалімдер топпен алмасу арқылы ақпараттарды жазып толтырды. Әр топқа сөз беріліп, берілген сұрақты толық талдады.

Кері байланыс ретінде “Алғыс айту” күніне орай “Тікелей эфир” арқылы өткізілген шебер-сыныпқа мұғалімдер қауымы өз ойлары мен тілектерін айтып шықты. Қорытынды кезеңінде бастауыш сынып мұғалімдері барлық ұжымға алғысын білдіріп, ән шырқады.

Өткізілген шебер-сыныптан әр ұстаз қоржындарына өздеріне қажет ақпараттарды ала алды.

#апталықбастауыш

#10жббм

#бастауышпәнмұғалімдері

#шеберсынып

#бастауышпәнмұғалімдеріапталық