2024 жылдың 05 наурызы күні Ұлағатты ұстаздар орыс тілі пәні мұғалімі Г.П.Байкадамова мен математика пәні мұғалімі Н.З.Жаменкованы еске алу мақсатында келесі бағыттарда 4 сыныптарда орыс тілінен, 9 сыныптарда математика пәні бойынша мектепшілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қалалық білім бөлімінің ынтымақтастық жоспары негізінде №20 ЖББМ мектебінің оқушылары да қатысты. Арамызда жүрген жақсы адамдар өмірден өтіп кетсе де, көңілден ешқашан өшпек емес. Ұстаздарымыздың нұрлы жүзі мен озық ойы біздің жадымызда мәңгілік сақталады. Олардың артында ұстамы жақсы ұрпақ, қабырғаны қайыстырған қимастық пен Алатаудай сағыныш бар.






