Наурызды мерекелеу жоспарына сай бүгін мектебімізде “Отбасы-бақыт мекені” іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға ата-әжелеріміз, өнерлі апаларымыз қатысып, салт-дәстүрлер, халық қолөнері туралы әңгімелеп берді. Іс-шара барысында оқушылар салт-дәстүрлерден қойылымдар қойды. Мектептің өнерпаздары өнер көрсетіп, іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлады. “Менің шежірем” макеттер байқауының қатысушылары өз шежіресі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Мерекелік іс-шараның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор болды.
@kst_bilim_bolimi
@kost__bilim
@qostanai_tany