«Қарттарым асыл – қазынам!» атты іс-шара

24 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарттар күніне арналған апталық ұйымдастырылды.

«Менің атам, әжем ең жақсы» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында «Видео презентация» байқауы, 5-7 сыныптар арасында «Фото суреттер» байқауы және 8-11 сыныптар арасында «Бейнебаян» байқауы өтілді. Оқушылар апталыққа белсене қатысып, жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды.

1 қазан күні мектебіміздің «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен «Жас Қыран» ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастырылуымен, ата-әжелерімізге арналған «Қарттарым асыл – қазынам!» атты концерт ұйымдастырылып, қойылды. Концертке қонақтар көп келді және мектебіміздің қарттарына гүл шоғы мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.