Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I кезеңі

Дарынды оқушылармен жұмысты жақсарту және дамыту, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында олимпиаданың мектепішілік кезеңі 2018 жылдың 26 қазан күні өткізілді.

5-7 сыныптар арасында 37 оқушы қатысса, 8-11сыныптар аралығынан 42 оқушы қатысты. Олимпиадада әділ қазылар алқасы құрамына алдыңғы қатардағы  мектеп мұғалімдері кірді. Олимпиада нәтижесі барлық пәндер бойынша алған жүлделі орын сандарымен бағаланады. Жалпы мектеп бойынша 67 жүлдегер анықталды. Ең үздік көрсеткішке ие болған оқушылар, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне және 5-7 сынып оқушыларына арналған қалалық олимпиадаға жолдама алды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!