2023 жылдың 20 қарашасы күні «Туған өлке-туған тарих қазынам!» атты тарих және география апталығы басталды.Апталық 20-24 қараша айында өткізіледі.
Мақсаты: ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақстандықтарды рухы биік, намысы берік халық ретінде – Тәуелсіздігіміздің беріктігін оқушыларға ұғындыра білу болды.Сол себепті салтанатты ашылуы тамаша бейне материалдан басталды және викториналық сұрақтармен аяқталды.
Түстен кейін ұстаздарға арналған «Тарих сабақтарында көрнекілік құралдарды пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша тарих пәнінің мұғалімі А.Б. Ерманова ұстаздар арасында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты: Тарих сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалана отырып, заман талабына сай жан – жақты терең білімді интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт дайындау.
#тарихапталығы #көрнекіліктер #дөңгелекүстел #семинар #кинофльмдер














