Бүгін мектебімізде эстетикалық пәндер апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанаты “Радиожарнамамен” басталды. Мектептің домбырашылары мен хор ансамблінің мүшелері өз өнерлерін ортаға салды. Кіреберісте “Сиқырлы сандық” ойыны, психологиялық тренингтер өткізілді. Ұстаздар мен оқушыларды апталық іс-шараларына белсене қатысуға шақырамыз.
#пәндерапталығы #эстетикалықпәндеронкүндігі #өнер #спорт #психология