Бракераждық (тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі) комиссия мүшелерін тағайындау жөнінде анықтама

Койтбаева З.А.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мақсаты:  Мектеп асханасының оқушыларды тамақтандыру сапасын бақылау және бағалау үшін бракеражды комиссия мүшелерін тағайындау.

Мерзімі: 25.08.2022 жыл.

Оқушылардың денсаулықтарын сақтау, салауатты тамақтандыруды ұйымдастыру, мектеп асханасында оқушылардың тамақтану тәртібін жүйелеу, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу көлемін бақылау, бракераждық комиссия жұмысының құжаттарын тексеру, сынып жетекшілердің есептерін тексеру мақсатында мектепте мектепішілік бақылау жүргізіледі.

          Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын  өнім беруші  жеке кәсіпкер ЖК «Хоменко». 

Мектепте тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп қадағалайтын мектеп медбикесі Қиясова Қ.Қ.

Әлеуметтік педагог Сүлеймен А.Н. тегін тамақтанатын оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтануын бақылайды.

Мектепте 1-11 сынып оқушылары мен МДС тәрбиеленушілері күніне бір реттік ыстық және буфеттік тамақтанумен қамтылған. Тамақтану оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Мектеп әкімшілігі және мұғалімдері кезекшілік кестеге сәйкес, сыныптар кезекшілік кестесіне сәйкес асханада оқушылардың тамақтануын, тәртіп сақтауын бақылау жүргізеді.

Мектеп асханасының жұмысын, оқушылардың ыстық тамақпен сапасы және уақытылы қамтылуын мектеп бракераждық комиссиясы бақылайды. Бракераждық (тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі) комиссияның Ережесі мен жоспары бекітуге ұсынылды.

Бракераждық (тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі) комиссия құрамына ұсынылды: Комиссия төрайымы мектеп директорының м.а.  Ж.М.Бейсенова, комиссия мүшелері ДТІЖО Койтбаева З.А., медбике Қиясова Қ.Қ., әлеуметтік педагог Сүлеймен А.Н., Қамқоршылық кеңесі төрайымы Кудербекова А.С.., кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.А.Айткужиева кіреді. Комиссия мүшелері айына бір рет асхана жұмысын бақылайды. Комиссия азық-түліктерді өңдеуіне бақылау, дайындалған тамақтың сапасына, оқушылардың тамақтануының ұйымдастырылуына, СанПиннің нормаларының орындалуын бақылайды. Тексеріс нәтижесі хаттамаға енгізіледі.

Мектеп асханасында 300 орын бар. Жиһаздар талаптарға сай. Жалпы асханасының санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстардың жай-күйі, ас дайындайтын, оқушылардың тамақтанатын және азық-түліктерді сақтайтын бөлмелер таза.

Ата-аналарға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар. Оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған.

Мектеп медбикесі Қиясова Қ.Қ. күнделікті алынған азық-түліктің сапасына, көлеміне, технологиясының сақталуын бақылау, бракераждық журналына енгізеді. Сынып жетекшілері сынып сағаттарында салауатты тамақтанудың пайдасы туралы кеңірек түсініктер беріп өтті.

Ұсыныс:

  • Бракераждық (тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі) комиссияның Ережесі мен жоспары бекітілсін.
  • Бракераждық (тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі) комиссия құрамы бекітілсін:

Комиссия төрайымы мектеп директорының м.а.  Ж.М.Бейсенова,

комиссия мүшелері:

 ДТІЖО Койтбаева З.А.,

медбике Қиясова Қ.Қ.,

әлеуметтік педагог Сүлеймен А.Н.,

Қамқоршылық кеңесі төрайымы Кудербекова А.С..,

Кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.А.Айткужиева