1. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектеп» ММ болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
1) қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.