Күні: 31.08.2022 ж.
«2022-2023 оқу жылына Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы»
Төрағалық етуші: Кудербекова Айнур Сериковна
Отырыстың хатшысы: Койтбаева З.А.
Қатысты:
1. Мектеп директорының м.а.: Бейсенова Ж.М.
2. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Койтбаева З.А.
3. 31 адам – параллельді 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің өкілдері Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібі
1. 2022-2023 оқу жылына Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы
3. Қамқоршылық кеңестің тізімдік құрамын қалыптастыру.
4. Қамқоршылық кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау
Баяндамашы: № 10 ОМ директордың м.а. Бейсенова Ж.М.
Тындалды: 1. Мектеп директоры. О ҚР БҒМ 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырды. Қатысушыларды – Қамқоршылық кеңеске мүшелікке үміткерлерді таныстырды, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасының міндеттері мен құзыретті шеңберімен таныстырды. Қалалаық ББ-нің интернет-ресурсына Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарландыруды жариялаған соң мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілетінін хабарлады.
Сөз сөйледі: 1. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары. Әр сыныптан алған ұсыныстың негізінде Қамқоршылық кеңестің тізімдік құрамының жобасын енгізді. (Талқылаудан кейін 31 өкілінің ішінен 9 адам ұсынылды- әр параллель сыныптан бір ата-ана өкілінен)
2. 9 в сынып ата-анасы мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасына үміткерлікке өткен оқу жылында төрағалық жасап келе жатқан Кудербекова А.С. ұсынды.
3. 6 А сынып ата- анасы Қамқоршылық кеңестің хатшысы етіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Койтбаеваны ұсынды.
Шешімі:
1. «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебі» ММ 2022-2023 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесі келесі құрамда сайлансын:
№ | Аты-жөні | міндеті |
1 | Кудербекова Айнур Сериковна | ҚК төрайымы |
2 | Турлубаева Айнура Муратовна | Төрайым орынбасары |
3 | Исакаев Ербол Маратович | Кеңес мүшесі |
4 | Искакова Сандугаш Толеубаевна | Кеңес мүшесі |
5 | Молдагалиева Гульмира Умиртаевна | Кеңес мүшесі |
6 | Мадьярова Алтынай Айдаровна | Кеңес мүшесі |
7 | Жусупова Айгуль Бериковна | Кеңес мүшесі |
8 | Байгазина Айдын Ниеталиевна | Кеңес мүшесі |
9 | Бекмагамбетова Мақпал Төлепбергенқызы | Кеңес мүшесі |
Койтбаева З.А. – Қамқоршылық кеңестің хатшысы.
Шешім ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан қабылданды.
ІІ. Қамқоршылық кеңес мектептің күнделікті қызметімен № 10 ЖББМ нормативтік, жергілікті құжаттармен таныссын, 19.09.2022 ж. кеңестің кезекті отырысында бекіту үшін Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары әзірленсін.
Төрайымы: Кудербекова А.С.
Хатшы: Койтбаева З.А.