МИФ онкүндігі “Білім пирамидасы” сыныптан тыс сабақ

«Білім пирамидасы»

10-11 сыныптар арасындағы зияткерлік сайыс

Мақсаты: дарынды оқушыларды табу; олардың қабілеттерін ашу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;сергектік,зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Барысы:  Ұйымдастыру

  1. Әділ қазылар алқасын сайлау.
  2. Сайысқа әр сыныптан  6 оқушыдан қатысады.
  3. Сайыс бөлімдерімен  таныстыру.

Сайысымыз келесі бөлімдерден тұрады:

І  кезең: Таныстыру. Әр топ өзінің тобын мүшелерін таныстырады.

ІІ  кезең: Жүгіртпе сұрақтар

ІІІ кезең: Полиглот

ІV-кезең: Ойланып көр

Сайысқа 2 топ қатысты 10 сынып оқушылары “Паскаль” тобы және 11 сынып оқушылары “Пифагор” тобы.

Сайысты қорытындылау, топтарды марапаттау.